Ұлытау облысы Жезқазған қаласы №133 негізгі орта мектеп
Білім — арман, білім — мақсат, білім — жарқын болашақтың бастамасы

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің "№133 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы білім басқармасы Жезқазған қаласы білім бөлімінің "№133 Негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде келесі педагог лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. Қазақ, орыс тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі
  2. Қазақ, орыс тілдерінде оқытатын информатика пәні мұғалімі (уақытша, бала күтіміне байналысты демалыстағы педагог орнына)
  3. Логопед

Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысының білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің "№133 негізгі орта мектебі" КММ – 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Железнодорожная көшесі 1 үй.

Қызмет түрі: білім беру қызметі (жалпы орта білім беру).

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар:

1) Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат

2) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

3) жеке басын куәландыратын құжат;

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

5) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

7) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

8) психиатриялық диспансерде есепке алынбағаны туралы анықтама

9) наркологиялық диспансерде есепке алудың жоқтығы туралы анықтама

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын,, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары, санитариялық қағидалар мен нормалар, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері

Баланың физикалық, психикалық, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.

Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайларында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асырады.

Тәрбиешілермен және басқа мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушіні түзету, бұзылған функцияларын қалпына келтіру және әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

Инклюзивті білім беру принципін дамытады.

Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері бойынша педагогтарға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға консультация береді.

Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарттың талаптарына сәйкес оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

Үлгілік арнайы, жеке оқу бағдарламаларын іске асырады.

Кәсіби біліктілігін арттырады.

Әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысады.

Қажетті құжаттаманы жүргізеді.

Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.

Қоғамның ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толерантты көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Жалақы мөлшері

Қазақ тілінде оқытатын тарих мұғалімі 17 сағат, жалақысы 101.725 теңге

Орыс тілінде оқытатын тарих мұғалімі 12 сағат, жалақысы 71.806 теңге

Қазақ тілінде оқытатын информатика мұғалімі 7,5 сағат, жалақысы 39.790 теңге

Орыс тілінде оқытатын информатика мұғалімі 6,5 сағат, жалақысы 38.000 теңге

Қазақ тілінде оқытатын дене шынықтыру мұғалімі 15 сағат, жалақысы 89.775 теңге

Орыс тілінде оқытатын, жалақы 71.820 теңге

Мектеп тәлімгері жалақы 84.061 теңге

Логопед 0,5 ставка жалақы 95.741 теңге

 

Қарағанды облысының білім басқармасының Жезқазған қаласының білім бөлімінің "№133 негізгі орта мектебі" КММ хабарландыру шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, 25 тамызға дейін келесі құжаттарды қабылдайды: Жезқазған қаласы, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Железнодорожная көшесі, 1-үй. Телефондары: 410307, 87472022132, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.